Такси көлігі. Көрнекі фото: pexels.com
Астанада такси жүргізушісі шетелдік азаматты әуежайдан қонақ үйге жеткізгені үшін 45 мың теңге ақы алған. Ер адам өз кінәсін толық мойындаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«22 қарашада 102 арнасына қонақ үй әкімшісінен хабарлама келіп түсті. Ол такси жүргізушісінің Үндістан азаматын Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын хабарлады. Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген», – деп мәлім етті полиция өз хабарламасында.
Ұсталғаннан кейін такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеген.
Қазір құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!