Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы «Aссамблея жастары» ұйымы жаңа бастаманы қолға алды. Жуырда ұйым белсенділері аймақтағы тарихи нысандарды аралап, рухани мәні бар шара бастады.

Белсенділер тұрақтаған алғашқы нысан — Сығанақ қалашығы. Мұнда қалашық тарихымен танысу арқылы өңірдің өткен күніне шолу жасауға мүмкіндік туды.
Жалпы, Сығанақ, Сунақ – ортағасырлық қала орны. Қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің қатарында. Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды сауда және қолөнер орталығы. 1469-1511 және 1521-1599 жылдары Қазақ хандығының астанасы, ал оған дейін қыпшақ мемлекеті мен Ақ Орданың бас қаласы ретінде белгілі.

«Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері тарихи нысандарды аралады

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы » «Ассамблея жастары» ұйымы жастарының келесі аялдамасы —Сауран қалашығы. Жастар көне шаһардың жұрнағын көзбен көріп, жәдігерлерді тамашалауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Сауран қалашығы ХІІ ғасырдағы ірі сауда орталығы ретінде іргесі қаланған, сол кездегі ірі қалашық екенін білеміз. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Өз тарихын білген жастардың болашағынан үміт зор.

«Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері тарихи нысандарды аралады

«Ассамблея жастары» ұйымының сапары Түркістан облыстық ҚХА жанындағы ассамблея жастарымен кездесу сәтінде түйінделді. Мұнда жатсар ассамблея белсенділерімен кездесіп, түрлі бағыттағы маңызды мәселелерді талқыладыы. Сондай-ақ іс-тәжірибе алмасып, болашақта да бірлесіп, етене жұмыс істеуге уағдаласты.

«Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері тарихи нысандарды аралады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!