Астанада Instagram арқылы 25 адам алданған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2021-2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген 30 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

Ол «7-20-25″ бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсынамын» деп азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен. Келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асқан.

Сот айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!