Видеода жаттықтырушы баланы теуіп, шашынан тартып келе жатқанын көруге болады.

Әзербайжанның Сумгаит қаласында дзюдо және самбо жаттықтырушысы, Еуроойындардың қола жүлдегері Мехман Халилов жеті жасар спортшыны өлгенше сабап тастаған. Оқиға басқа балалардың көзінше болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаладағы танымал спортшы балаға қарсы қауіпті әдісті қолданған. Салдарынан жеті жастағы баланың мойыны сынған. Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер қолынан келгенін жасағанымен баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Жантүршігерлік жайт спорт мектебіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода жаттықтырушы баланы теуіп, шашынан тартып келе жатқанын көруге болады.

Халиловтың өзі ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото: видеодан кадр

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!