Степногор қаласында 2-қабаттағы пәтердің терезесінен секірмек болған 79 жастағы зейнеткер құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:50 шамасында Степногор қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көрші әйелдің суицид жасағалы тұрғанын айтқан. «Оқиға орнына учаскелік инспектор, аға лейтенант Азамат Ыбыраев пен аға учаскелік инспектор, майор Бөгенбай Жұмабеков жетті. Тәртіп сақшылары 2-қабаттағы пәтерінің терезесінен секірмек болып отырған 79 жастағы әйелді көреді. Зейнеткер пәтер есігін кілттеп тастаған. Аға лейтенант Азамат Ыбыраев зейнеткерді сөзге тартып тұрғанда, майор Бөгенбай Жұмабеков есікті бұзып, пәтердің ішіне кіреді. Тәртіп сақшысы балконнан секірмек болып отырған әйелді күштеп ішке енгізеді, артынша жедел жәрдем бригадасына тапсырады», – деді департаменттен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!