Белгілі тележүргізуші Динара Сатжан Нұр-Сұлтандағы сегіз жастағы қыздың оқиғасына қатысты түсініктеме берді. Оны анасы ішкиіммен аязға шығарып жазалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Динара Сатжан Instagram-дағы парақшасында өз қызын аяусыз жазалаған қыздың анасымен тілдескенін айтады. 

«Бұл маған сабақ болды. Ақшаның жетіспейтінінен шаршадым. Үнемі тұратын пәтер мен жұмыс іздеуіме тура келеді. Балаларымды менен тартып алғанын қаламаймын», – депті қыздың анасы тележүргізушіге айтқан сөзінде.

Тележүргізуші Динара Сатжан олардың ескі вокзал маңындағы шағын жатақханада тұратынын айтты.

«Айжамал өз ісіне қатты өкінеді. Мен оған сенемін. Ата-ана құқығынан айыруға болмайды! Ол үшін бұл үлкен сабақ … Ата-аналар осы жағдайдан ой түйсе екен.  Балаларға қамқорлық пен жылулық қажет. Олар ата-аналарды жақсы көреді. Бәрі де жаман емес», – дейді Динара Сәтжан.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде дәлізде ұйықтап, далада жалаңаш жүрген кішкентай қыздың суреті таралған еді. Кейінен өз баласын аясыз жазалаған отбасы табылды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!