Төлеуғали Сатыбалдиев ІІМ жүйесінде және «Динамо» спорт қауымдастығында мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.

Тілеуғали Сатыбалдиев әлеуметтік желідегі парақшасында әдемі киім үлгілерін көрсетіп, немерелерімен қызықты ролик түсіреді. Оның бейнежазбалары миллионнан аса адамның көңілінен шыққан. Ақсақалдың өзі TikTok-та танымал боламын деп ойламаған.

«Бастапқыда бір миллион, артынша 2 миллион адам қарапты дейді. Таңқалып, солай видео түсіруге одан әрі құмарттым», – дейді Тілеуғали ата.

Бұған дейін Төлеуғали Сатыбалдиев ІІМ жүйесінде және «Динамо» спорт қауымдастығында мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.

«Бұған дейін спортшы болдым, содан кейін офицерлік лауазымдарда «Динамо» қауымдастығында спортшылар мен ішкі істер органдарының қызметкерлерін дайындадым. Ал қазір мен зейнеткермін. Уақыт көп», – дейді Тілеуғали ата.

Ақсақалдың айтуынша, роликтерді монтаждауға 27 жасар немересі Мариям Хабирова көмектеседі.

Мариямның айтуынша, әлеуметтік желілердің арқасында атасы туралы көбірек біле бастаған, тіпті оны кино мен жарнамаға түсуге шақырған.

«Қазір ол түсірілімге жиі шақырыла бастады, енді біз ештеңені жіберіп алмау үшін кесте жасаймыз. Әрине, кейде шаршайды, бірақ бұл жақсы шаршау дейді. Көшеде кейде танып жатады, суретке түседі, содан кейін ол бізге бұл туралы қуана айтады», – дейді Мариям.

Айтпақшы, жас кезінде Төлеуғалия Сатыбалдиевтың киноактер болуға мүмкіндігі болған. Бірақ отбасылық жағдайларға байланысты, 1968 жылы «Мазасыз таң» фильмінде тек эпизодтық рөлде ойнаған.

Дегенмен, қазір оның көптен бергі арманын жүзеге асыруға мүмкіндігі қайта туып отыр.

«Қазір мен жаппай және эпизодтық көріністерде ойнаймын. Олар қызықты түсірілімге шақырады, жағымды адамдармен танысамын, жастармен көбірек сөйлесемін. Бұл керемет», – дейді ақсақал.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!