Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ғалымжан Серікбаев қала аумағында 87 миллион теңгеге модульдік дәретхана салғаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитке сәйкес «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ қызметінде заңбұзушылықтар анықталды. Басшы Ғалымжан Серікбаевқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!