Бүкіл әлем бойынша көптеген БАҚ, кинокомпаниялар мен баспа үйлерінің иесі, медиа магнат Руперт Мердок бесінші рет шаңырақ көтеретінін мәлімдеді. Бұл жолы медиамагнаттың таңдауы Энн Лесли Смит есімді аруға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мердок 66 жастағы Смитпен былтырғы қыркүйекте Калифорниядағы жүзімдіктерінде өткен шарада кездескен.

«Қайтадан ғашық болып қалудан қатты қорықтым, бірақ осы жолы соңғысы болатынын білдім. Бұл соңғысы болғаны дұрыс. Мен бақыттымын», – деді Мердок өзінің халықаралық медиа империясының бөлігі саналатын New York Post газетіне.

Байлығы 20 миллиард доллардан асатын Мердок бүкіл әлем бойынша көптеген ықпалды баспа басылымдары мен консервативті бағыттағы телеарналарға иелік етеді. Олардың ішінде, мысалы, британиялық таблоид Sun және одан да беделді Times, сондай-ақ америкалық Wall Street Journal және Fox News арнасы бар.

Энн Лесли Смит бұрынғы күйеуі кантри әншісі және медиа менеджер Честер Смит болды.

«Мен соңғы 14 жыл бойы жесір қалдым. Руперт сияқты менің күйеуім де бизнесмен болды. Ол жергілікті газеттерде жұмыс істеді, радио және телеарналарды дамытты, Univision [АҚШ-тағы испан тіліндегі теледидар] жарнамасына көмектесті. Сондықтан Руперт екеуміз тез тілтабыстық», – деді Смит New York Post газетіне.

«Бұл Құдайдың бізге берген сыйы», – деп қосты ол.

Мердок пен Смит алдағы жазда үйлену тойын өткізуді жоспарлап отыр. Осыдан кейін ерлі-зайыптылар Калифорния, Монтана, Нью-Йорк және Ұлыбританияда орналасқан үйлерінде өмір сүреді.

Мердок бұрынғы әйелі, бұрынғы супермодель Джерри Холлмен өткен жылы ажырасқан. Сондай-ақ, ол бұрын австралиялық стюардесса Патрисия Букермен, шотландиялық журналист Анна Маннмен және қытайлық кәсіпкер Вэнди Денге үйленген.

Мердоктың бұрынғы некелерінен алты баласы бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!