Қазақ халқының мәңгілік пір тұтатын адамы, ағартушы ұлы ақыны – Абай.Ол 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Абай қазақ халқының өшпес мұрасына өмірінің соңына дейін із қалдырды. Оның білімге, бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттаған шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті.

Абай ілімі - ұлттың рухани-мәдени коды

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына – 180 жыл. Осыған орай, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясы да ақынның  180 жылдығын назарынан тыс қалдырмады. Тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмыстары басқармасына қарасты тіл саясаты бөліміМ.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының магистрі Мағазбеков Нұр Жандосұлын шақырып, Шекара академиясының 3-оқу дивизионы курсанттарымен кездесу өткізді. Ұлы ақынның мұрасын тереңінен зерттеп, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада абайтанушы Нұр Жандосұлы «Абай ілімі – ұлттың рухани-мәдени коды» атты баяндамасын бейнероликте көрсетіп, түсіндірді.

Абай ілімі - ұлттың рухани-мәдени коды

Кездесу барысында көпшіліктің назар қойып, ерекше ықыласын аудартқаны ақынның «Толық адам» ұғымы болды.Абай мұрасын шекарашы курсанттарға жіліктеп шағып, бүге-шүгесіне дейін түсіндірген ғалым, осы арқылы курсанттарды Абай айтқан ынсап, ар, ұят, сабыр, талапты бәрінен биік қоятын «толық адам» болып қалыптасуына өз ықпалын тигізді.Абайтанушының риясыз әңгімесінен кейін курсанттар толық адам қандай болу керек деген сауалдарға ақын өлеңдері мен қара сөздерінен өзара жауап іздеп, ойларын ортаға салды. Курсанттар арасынан суырылып шығып ақын өлеңдерін жатқа оқығандар кездесу барысының ажарын аша түсті. Сонымен қатар, Нұр Жандосұлы Абайдың қара сөздеріне кеңінен тоқталып, оның қоғамдағы орны мен өскелең ұрпақ үшін маңызын да түсіндіріп өтті. Сөзінің соңында абайтанушы мәртебелі қонақ М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының құрмында Әуезов үйі ғылыми-мәдени орталығы жұмыс істейтінін және сол жерге болашақ офицерлерді саяхаттап келуге шақырды. Бұл шақырту шекарашылардың қызығушылығын оятып, қызықтыра түсті.

Кездесу соңында тәрбиелік және идеологиялық жұмыстары бөлімінің бастығы подполковник Б. Нурпеисов Нұр Жандосұлына ризашылығын білдіріп, Шекара академиясы атынан «Алғыс хат» табыстады.

Айдос Курамысов,
лейтенант,
ҚР ҰҚК Шекара академиясы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!