Абай облысында полицейлер жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандай, ол бір күн бұрын үйден шығып, әлі оралмаған.

«19 маусым күні сағат 15:00-де кәмелетке толмаған бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмаған. Қыз сұр джинсы шалбар киген, қасында қара сөмкесі болған. Жасөспірімнің көздері жасыл, иығынан төмен сары шашты, бойы 165 сантиметр», – деп хабарлады Абай ауданының полиция департаменті.

Полиция із-түзсіз жоғалған қыз туралы қандайда бір ақпарат болған жағдайда полицияға хабарласуға шақырады.

«Кәмелетке толмаған баланың жүрген жері туралы мәліметі бар кез келген адам облыстық полицияға +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауын сұраймыз», –  делінген ақпаратта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!