Фото: gov.kz
Абай облысы Бородулиха ауданының әкімдігі 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырған. Прокурордың наразылығымен әкімдік қаулысы жойылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Прокуратура мәліметінше, жер заңдарының нормаларына сәйкес жайылым алқаптары бөлек меншiкке және жер пайдалануға берiлмейдi, яғни олар тек халықтың мұқтажына, мал жаюға арналған.
«Бородулиха ауданының әкімдігі жалпы ауданы 4,3 мың га болатын 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырған.
Абай облысының прокуратурасы елді мекендердің жайылымдық жерлерін заңға сәйкес арнайы жер қорына алу оларды кейіннен қайта бөлуді қарастырады», – делінген хабарламада.
Прокуратура қабылдаған шаралар бойынша аудан әкімдігі шығарған заңсыз қаулы күшін жойды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!