Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы қаламызда биыл да жалғасын тапты.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың тамызайының 25 мен қыркүйек айының 10 күндері аралығында «Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл акцияның басты мақсаты–мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орыналатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырыпқана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару. Жаз бойғы демалыстан мектепке енді келген балалар тарапынан алғашқы уақытта жол қауіпсіздігіне деген немқұрайлылық, салғырттық болуы ықтимал. Осы уақытта жол жүру қауіпсіздігі ережелерін балалардың есіне тағы бір салып, мектеп оқушыларының амандығын сақтауға полиция қызметкерлері жаппай жұмылдырылуда.
Байлығымыз – балалар! Келешегіміз де сол бүлдіршіндер. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал. Өйткені, сақтықта қорлық жоқ…
Естеріңізде болсын: бала жол ережесіне өз ата-аналарынан және басқа да үлкендерден алған өнегесі арқылы үйренеді. Сондықтан, сіздің жолдағы үлгілі тәртібіңіз арқылы сіздің және басқа да балалардың жол ережесін сақтап, әртүрлі жол апаттарынан сақ болуына өз ықпалыңызды тигізесіз.
Л.Ахметова
Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!