Ағымдағы жылдың тамыз айының 25 қыркүйек айының 10 жұлдызына дейн Көліктегі полиция департаменті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөліміне қарасты Қызылорда қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсетілетін аумағында «Абайлаңыз балалар!» акциясы өткізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында және тұрғын үйлерден тыс уақытта ересектердің еріп жүруінсіз болуын болдырмау болып табылады.

Ата-аналарға арналған ақпарат:
Сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін кәмелетке толмағанның болуына және оны заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз келесі ойын-сауық орындарына жіберуге тыйым салынады:

  • ойын мекемелері,
  • түнгі клубтар,
  • кафе-барлар,
  • мейрамханалар,
  • интернет-кафе,
  • компьютерлік және бильярд клубтары,
  • боулинг клубтары мен кинотеатрлар,
  • ойын-сауық мақсатындағы объектілер және театр, спорттық, мәдени-демалыс сипатындағы қызметтер көрсетілетін басқа да ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

Тұрғын үйден тыс жерде, таңғы сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін кәмелетке толмағандарға, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуға тыйым салынады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!