Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қазалы ауданы көлемінде қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына айрықша үлес қосқан абзал тұлғаларға сый-құрмет көрсету дәстүрге айналғаны белгілі.
Осы игі бастаманың жалғасы ретінде биылғы жылдың 27 тамыз күні Қазалы өңірінің өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген, ардақты азамат, абыз қария, 80 жасқа толған Орынбасаров Жақсылықбайдың мерейтойына арналған тағылымды шара ұйымдастырылды.
Бұл мерейлі басқосу – ауданымыздың өркендеу жолында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ел ағасының еңбегін бағалап, халыққа жасаған қызметін дәріптеумен қатар, жас ұрпаққа өнеге болатын тағылымды дәстүрдің бір көрінісі.
Мерейтойлық іс-шара – тарих пен тағылым тоғысқан тағзым төрі, еңбегі еленген ерге деген ел құрметінің айшықты айғағы болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!