Фото: turaninfo.kz

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, мемлекеттік қызметте реттік пен тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру барлық мемлекеттік органдар жұмысының негізгі басыңқы бағыттарының бірі.

 Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылды.

  Іс-шараларды өткізудегі басты мақсат − мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін қарым-қатынасты қалыптастыру және тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында «АMANAT» партиясының филиалы, құқық қорғау органдары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының өкілдерінің қатысуымен семинарлар, кездесулер, дәріс нысандарында шаралар және дөңгелек үстелдер өткізілді.

Әділет департаментімен облыс бойынша нотариустар, адвокаттардың, жеке және мемлекеттік сот орындаушылар, департаменттің бөлім қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен заң кеңесшілерінің қатысуымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. 

 Әлеуметтік желілер арқылы сот актілерін орындау, тіркеу, әділет департаментінің негізгі бағыттары бойынша құқықтық онлайн түсіндірмелер жүргізу бойынша тікелей эфирлер өтті.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігін арттыру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты тергеу изоляторларына апарылды.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда мемлекеттік қызметшілер оқытылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткен кеңесте халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырған болатын. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс екенін атап өтті. Осы бағытта департаментпен  құқықтық насихаттау мақсатында    студенттермен кездесулер,семинарлар, акциялар өткізілді.            

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудың негізі құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру болып табылатындықтан, әділет департаменті осы бағытта өз жұмысын жалғастыра береді.

Э.Абдыкаликова,

Қызылорда облысы

Әділет департаментінің бөлім басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!