Фото:ile-tany.kz

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр мемлекеттік қызметкердің азаматтық парызы. Бүгінде Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұлттық қауіпсіздік пен ел болашағының басты басымдықтарының бірі. Мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналған бұл күрес – барша қоғамның, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің жоғары жауапкершілігі мен кәсіби адалдығын талап етеді.

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына тұсау салатын қауіпті құбылыс. Ол халықтың билікке деген сенімін азайтып, заң үстемдігіне күмән тудырып қана қоймай, ел экономикасына елеулі зиян келтіреді. Бұл мәселенің тамыры тереңге жайылмас үшін мемлекеттік қызмет жүйесінде ашықтық, әділеттілік және есеп берушілік қағидаттары нақты орнығуы қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында жемқорлықпен күресті күшейту, алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу керектігін үнемі атап өтуде. Әрбір мемлекеттік қызметкер өз жұмысында заңдылықты басшылыққа алып, адалдық пен парасаттылықты ту етуі тиіс.

Бұл тек қана кәсіби талап емес, бұл – азаматтық ұстаным. Мемлекеттік қызмет – бұл мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Әрбір мемлекеттік қызметкер – елдің бетбейнесі, халықтың үміті мен сенімінің тірегі. Адалдық пен әділдік, заңға және қоғамға деген құрмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты қаруымыз. Ендеше еліміздің жарқын болашағы үшін әрқайсысымыз өз ісімізге адал болайық.

Гүлмира АЛАШБАЕВА,

Сырдария аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!