Бармақ басты, көз қысты әрекетке тоқтам керегі түсінікті жайт. Осы мақсатта бірлескен жұмыстарды бірізге түсіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, тосқауыл қоюға қос тарап ниетті. Бүгін ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері келіп, экскурсия жасады.
Іс-шара барысында қонақтар мекеменің қызмет бағытымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қызметкерлердің күнделікті жұмыс үдерісімен танысты. Сонымен қатар, адалдық пен әділдік ұстанымдарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде әңгіме өрбіді.
– Мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Себебі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бір мекеменің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сан соқтыратын салдарын түсініп, теріс әрекеттен тыйылған құба-құп. Адалдық пен ашықтық қағидатын құрдымға жібермей, құндылықтарды құлдыратпау үшін жұмысты жалғастыра береміз. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби байланысын нығайтып, қоғамға адал қызмет етудің ортақ мәдениетін қалыптастырғанымыз құптарлық іс деп білемін, – дейді Режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі әділет майоры Сантай Абсадыков.
Демек, өзара тәжірибе алмасу – ортақ ұстанымды одан әрі бекемдей түспек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!