Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев “Республика күні” мерекесінде еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жасап жатқанын айтты.

«24 – 26 қазан аралығында бүкіл жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді»,  – деді Айдын Оразбаев.

ІМ өкілі қоғамдық тәртіпті бақылау күштері мен құралдар  дайын екені айтты. Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген.

“Полиция жасақтары азаматтар көп жиналатын, әрі демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар бұл орындар жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторингілеу үшін министрлікте жедел штаб жұмыс атқарады. Ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады», – деп мәлімдеді ІІМ өкілі.

Еске салайық, осыған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 25-қазан “Республика” күнінде ешқандай митингке жол берілмейтінін айтқан болатын. 

«25-не митингке шығуға өтініш білдіргендерге келетін болсақ, ҚДТ мүшелерінің шақырулары бар. Алайда олар Қазақстан аумағындағы қызметі заңсыз болып табылатын экстремистік ұйым болғандықтан, әрине, біз олардың ешқандай митингіге жол бермейміз», –  деп мәлімдеген еді Лепеха. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!