KAZINFORM – Автомектеп бизнес емес, бұл – жүргізушілерді толыққанды даярлау. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында айтты. Сонымен қатар елдің бас полицейі жол қауіпсіздігі жағдайына қатысты түсініктеме берді.
Жол қауіпсіздігін сақтау үшін 25 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Жалпы республика бойынша олардың саны 1,5 млн-нан асады.
– Олар көше, жол қауіпсіздігін бақылауға арналған. Енді оны одан әрі де ұлғайтатын боламыз. Цифрландыру жүргізіліп жатыр, ауылдарға да жетті. Сол себептен бұл жұмысты күшейтетін боламыз, – деді Ержан Сәденов.
Спикер автомектептерге жеке тоқталып, оның түлектері аз уақытта жол-көлік оқиғасына ұшыраса, ауыр дене жарақатын алса, ол үшін жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.
– Ол адам автомектеп ашамын, оқытамын дегенде өзінің жауапкершілігін түсінуі керек. Автомектептер – жай ғана бизнес емес, жүргізушіні дайындайтын адам. Автокөлік – аса қауіпті көлік құралы, – деп атап өтті Ержан Сәденов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!