Фото: GOV.kz

12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осы күнде адамзат алғаш рет Жер атмосферасынан шығып, ғарышты бағындыруды бастады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ғарышқа жол Байқоңырдан басталған

1955 жылы КСРО-да алғашқы баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізу үшін қолайлы орын ізделді. Таңдау Қазақстанның Қызылорда облысына түсті. Себебі бұл аймақ кең, адам аз қоныстанған және климаттық жағдайлары тиімді еді.

1957 жылы 4 қазанда Байқоңырдан алғашқы жасанды жер серігі – «Спутник-1» ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде осы жерден Юрий Гагарин алғаш болып ғарышқа аттанды.

Бүгінгі Байқоңыр

Қазіргі таңда Байқоңыр – 15 ұшыру кешені бар, ғарышқа түрлі зымырандар ұшыруға қабілетті әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Мұнда «Союз», «Протон», «Зенит», «Циклон» секілді зымырандар мен «Луна», «Марс» сияқты автоматты станциялар ұшырылған.

2025 жылдың 8 сәуірінде Байқоңырдан соңғы рет «Союз МС-27» кемесі ұшырылды. Оның бортында ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий және NASA астронавты Джонатан Ким бар. Олар Халықаралық ғарыш станциясына бет алған.

Қазақстандық ғарышкерлер

1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақстандық болды. Ал 1994–2001 жылдар аралығында Талғат Мұсабаев үш мәрте ғарышқа ұшып, ашық ғарышта ең ұзақ болғаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2015 жылы 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов ғарышқа ұшып, 10 күн бойы ХҒС-та жұмыс істеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!