Бүгінгі күні, нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау бойынша мемлекеттік қызметінің пилоттық жобасы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.
Пилоттық жоба бүкіл республика бойынша жүзеге асырылуда.
Бұл пилоттық жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адам факторының аттестаттау нәтижелеріне әсерін болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.
Нотариаттық не адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар үшін аттестаттау «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» акционерлік қоғамының базасында автоматтандырылған режимде жүргізіледі.
Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес аттестаттау мәселелері мен оларға жауаптар құпия ақпарат болып табылады және таратылуға жатпайды.
Құпия ақпаратты жария еткені және таратқаны үшін тиісті тұлғаларға жауаптылық көзделген.
Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға құқығына үміткер тұлғалардың мемлекеттік қызметті алу тәртібі электронды нұсқада жүзеге асырылады.
Атап айтқанда: www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Онлайн сұратым» батырмасын басқан соң жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады. «Электрондық лицензиялау» порталында авторизациядан өту немесе тіркелу қажет. «Онлайн сұратым» батырмасын басқаннан кейін ашылған «электрондық лицензиялау» порталының бетінде «Өтініш беру» сілтемесін басып өтіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Порталдың жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жүзеге асырылады.
Қызмет нәтижесі: аттестаттау туралы шешім не аттестаттамау туралы шешім шығарылады.
Сонымен қатар, аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда және көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі бар болған жағдайда бас тартылады.
Қызмет көрсету тегін және он бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Жобаны тұтастай алғанда атестаттау процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мамандыққа қолжетімділікті арттыра отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқартады және үміткерлердің аттестаттаудан өздеріне ыңғайлы уақытта өтуіне мүмкіндік береді.
А.Қосбергенова Қызылорда облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек бөлімінің басшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!