ЗК-169/5 мекемесіндегі жедел және режим бөлімінің басшылық құрамы әскери қызметшілермен кездесті. Кездесу барысында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу мәселелерін түсіндіріп, бөлімшеге жүктелген міндеттерді сөз етті.

  • Қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі жауапкершілік жайлы жан-жақты қамтыдық. Себебі сындарлы сәтте сарбаздардың қырағылығы өте маңызды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы тәсілдер қолдануға болатыны айтылды. -деді ЗК-169/5 мекемесінің режим бөлімінің бастығы әділет майоры Алмат Әлназаров.
    Жалпы ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның әскери мамандарына №1 бақылау бекетінде тінту-тексеру жұмыстарын жүргізу жүктелген. Яғни басшылық құрамның рұқсатымен келушілерді мекеме аумағына кіргізеді. Бұл жұмыс екі тарап үшін де қырағылықты талап етеді. Сондықтан әскерилер тәжірибе алмасудың маңызы зор екенін жеткізді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!