Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігі айшықталған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді, қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.
Мемлекеттік қызметкердің моральдық-әдептілік бейнесіне өзіне тән талаптар қояды. Мемлекеттік қызметкер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді. Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарайды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Бұл ережеде Кодекстің мақсаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілеудің мәні қамтылған.
Кодекс мемлекеттік қызметтің қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру сияқты жалпыға бірдей танылған бағдарларын белгілейді. Мемлекеттік қызметшілер қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнаманы және этикалық нормаларды өз мүдделерінен жоғары мүлтіксіз сақтау міндеттемесін білдіретінін түсінуі тиіс.
Қызметтік әдеп стандарт- тарын сақтау мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл, шын мәнінде, оның өмір сал- ты, ол жоғары моральдық принциптерге сәйкес келуге бағытталуы керек.
Жанерке ЖАҚСЫЛЫҚ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша басшы орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!