Мемлекеттік қызметшілердің қызметте және қызметтен тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде айқындалған. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік-моральдық бейнесін арттырады, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді, әдепсіз жағдайлардың алдын алуға әсер етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің негізгі мінез-құлық стандарттарының айқындалуы, яғни адамгершілік, мораль сынды адами қасиеттер  жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселесінде де маңызды фактор бола алады.

Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.

Осыған орай, әрбір мемлекеттік қызметші қойылып отырған талаптарды қатаң сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік оның азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық оның мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Себебі, мемлекеттік қызметші – биліктің айнасы, оның түр-сипаты болып табылады. Әрқашан да мемлекеттік қызметші адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметін кәсіби, жоғары дәрежеде көрсете білулері, қызмет барысында және тұрмыста парасатты, мәдениетті болуға талпынуы тиіс.

Әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіп тұрады.

Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасын таба беретін болады. Себебі, мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі  маңызды орын алады. Ал, мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс.

Н.Ительгиева
Қызылорда облысы Әділет департаментінің
әкімшілік бөлімінің бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!