Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде тәрбие және кадр тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахидың ұйымдастыруымен «ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі әдеп және эстетикалық мәдениеті» тақырыбында жеке құрам қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өтті.

Семинарда мекеменің жеке құрам қызметкерлеріне әдеп кодексі мен сөйлеу мәдениетінің мазмұны мен маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, басшылар мен қызметкерлер арасында өзара әдептілікті сақтау, дұрыс сөйлей білу, сондай-ақ, дұрыс қарым-қатынаста бола білу жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, жеке құрам қызметкерлері әдеп кодексінің тараулары және мәдениет тақырыбында өзіндік ойларын білдіріп, пікірталас жүргізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!