Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Алайда бұл күрес тек құқық қорғау шараларымен немесе жазалау тетіктерімен ғана шектелмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Бұл мәдениет әділ, ашық және құқықтық қоғам құрудыңнегізгі факторы ретінде ерекше маңызға ие.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл азаматтардың құқықтық санасы мен моральдық ұстанымдарының жиынтығы. Ол заңға құрметпен қарауды, адалдық пен әділдікті өмірлік қағидар етінде қабылдауды және кезкелгензаңсыз әрекетке төзбеушілікті білдіреді.
Мұндай мәдениет қалыптасқан қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді, өйткені азаматтардың өздері заңсыз әрекеттерді қабылдамайды әрі оған қарсы тұруға дайын болады. Бұл құндылықтар жүйесі құқықтық мемлекеттің берік іргетасы болмақ.
Әділ қоғам – заң бәріне бірдей қолданылатын, азаматтардың құқықтары тең қорғалатын қоғам. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет осы қағидаттардың іске асуына тікелей ықпал етеді. Себебі жемқорлық әділдікті бұзып, әлеуметтік теңсіздікке жол ашады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқан жағдайда мемлекеттік шешімдер заңға және қоғамдық мүддеге сай қабылданады. Бұл қоғамдағы әділеттілік сезімін күшейтіп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік органдардың рөлі айрықша. Мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы, адалдығы және есептілігі қоғамүшін үлгі болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен шешімдері азаматтардың мемлекеттік биліккедеген сенімін айқындайды.
Осы бағытта профилактикалық шаралар, түсіндіру жұмыстары және ішкі бақылау тетіктері маңызды орын алады. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тек мемлекеттік деңгейде емес, бүкіл қоғамда қалыптасуы тиіс. Азаматтық қоғам институттары, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық ұйымдар бұл бағытта маңызды функция атқарады.
Қоғамдық бақылау мен ашық пікір алмасу сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді. Азаматтардыңбелсенділігі мен құқықтық сауаттылығы артқан сайынжемқорлыққа қарсы мәдениет те нығая түседі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ұзақ мерзімді әрі жүйелі үдеріс болып табылады. Бұл үдерісең алдымен білім беру саласынан басталуы тиіс. Мектептенбастап адалдық, әділдік және заңға құрмет құндылықтарынқалыптастыру болашақта жауапты әрі саналы азаматтардытәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Жастар арасында құқықтық білімді арттыру, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу – әділ қоғам құрудың маңызды алғышарты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құқықтық мемлекеттің қалыптасуына және тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Жемқорлық деңгейі төмен елдерде экономика тұрақты дамып, инвестициялық тартымдылық артады, әлеуметтік әділдік қамтамасыз етіледі.
Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтады.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – әділ қоғам құрудың негізгі факторы болып табылады. Ол заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдықсенімді нығайтуға және әлеуметтік әділеттілікті орнатуғабағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағыттағыжүйелі әрі тұрақты жұмысқа әділ, ашық және құқықтыққоғам құруға мүмкіндік береді.
Әбдуәли Л.,
Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының жетекші маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!