Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тарихи құжат деп айтуға болады. Бұл – сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар. Сала маманы ретінде әсіресе сот жүйесіне, құқық саласына қатысты күн тәртібіне шыққан тақырыптар  қуантты.

Мемлекет басшысы Конституциялық сот құруды ұсынды. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі берілмек. «Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болып есептеледі», – деді Президент.

Сонымен қатар ана мен бала құқығы маңызды құжатта шет қалған жоқ. Бұл тұрғыда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді шаралар үлкен рөл атқарады және ол басты құндылыққа басымдық беру жалғасатынын көрсетеді. Алдағы уақытта Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу керегі алға тартылды. Ол түйткілді мәселелердің шешімін табуға көмектеседі деп білеміз. Бастысы, Президенттің Жаңа Қазақстан құрудағы мақсатын қолдаймыз.

Дәулет ІЗБАСАРҰЛЫ,

«Әділет» құқықтық көмек көрсету орталығының директоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!