Қытайдың Бейжің қаласының тұрғыны өзіне түсік жасататын сусын әзірлеген жігітін кешірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жүктіліктің алтыншы аптасында жүрген әйел серіктесінің ұрыққа қауіпті есірткі қосылған сусын дайындап бергенін айтты. Осылайша ер адам шаранадағы сәбиінен құтылмақ болған. Ол сусынға түсік түсіретін, қан қысымы мен суық тиюге қарсы дәрі қосқан. ер адам әйелі ауруханаға түскеннен кейін қылмысын мойындаған.
Дәрігер науқасқа жүктілікті сақтауға қажетті препараттарды тағайындады. Сондай-ақ, ол ұрықты құтқару мүмкіндігі бар жоғын нақты айта алмайтынын айтты.
«Біз қазір тек жағдайды бақылаудамыз», – деді дәрігер.
Ал әйел жігітін кешіріп, онымен бірге қалуға шешім қабылдады. Ол оқиға туралы әлеуметтік желіде айтып берді. Қытайлық әйелдің оқиғасы қолданушылардың ашуын тудырды. Көбісі оны жүктілігін тоқтатып, жігітімен қарым-қатынасын үзуге шақырды.
«Серіктесіңіз сізді жақсы көрмейді. Тіпті ол сізді уландырмақ болды» – деді желі қолданушылардың бірі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!