фото: instagram.com/abdenkarakat

Ол әйелдердің жұмыс уақытынан 1-2 сағатты шегеруді ұсынады. ҚР Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында сұхбат беріп, әйел қауымының қоғамдағы рөлі туралы ойын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Егер біз болашағымызды, ұрпақ тәрбиесін айтар болсақ, жалпы ұлтымыздың денсаулығын айтатын болсақ, әрине, бәрі әйелге келіп тіреледі, себебі жарының жағдайын жасайтын – әйел…бала тәрбиелейтін – сол әйел, сондықтан оған ең болмағанда 1-2 сағат берсек, Үкімет те одан ұтады. Ер азаматтар да қуана-қуана мұнымен келіседі деп ойлаймын», – деді депутат.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!