Енді сотта бір рет қана татуласуға мүмкіндік беріледі. Одан кейін жанжал қайталанса, әйелі кешірім жасаса да, агрессор жауапқа тартылады.

Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтті. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мамырда, ал әкімшілік жазаға қатысты түзетулер шілде айында күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соңғы шешімді сот қабылдайды
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал тәртіп сақшылары келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Өткен жылдың өзінде полицияны 70 мың рет шақырған. Бірақ арыз жазылмаған.
Полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал көп жағдайда әрі қарай жалғасады, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. Сондықтан арызсыз әкімшілік іс қозғауға шешім қабылданды.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, әкімшілік хаттаманы толтыру үшін көршілер мен куәгерлердің айғақтары ескеріледі. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының материалдары негізге алынады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!