Спорттық киімдерімен және аяқ киімдерімен танымал АҚШ-тың әйгілі Nike компаниясы Ресей нарығынан біржола кететінін хабарлады. Елде тіпті олардың мобильдік қосымшасы да жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл туралы компания ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ 

«Nike Inc компаниясы Ресей нарығынан біржола кетуге шешім қабылдады. Осыған байланысты бұл өңірде Nike.com сайты және Nike мобильдік қосымшасы енді қолжетімді емес. Жақында бұл жақта Nike дүкендері жабылды, енді қайта ашылмайды», – делінген компания хабарламасында.

Еске сала кетсек, наурыз айының басында Nike компаниясы Ресейге өз тауарларын жеткізуді тоқтатқан еді. Мамыр айының басында компанияның Ресеймен франчайзингтік қызметті ары қарай жалғастыру туралы келісімшартты созбағаны белгілі болды. Салдарынан қордағы тауардың таусылуына байланысты бұл брендтің Ресейдегі дүкендері жабылуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, бұған дейін әйгілі Starbucks кофеханалар желісі де Ресей нарығынан біржола кеткен еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!