Фото: видеодан скриншот

Мәжілістің бір топ депутаты қазір су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жүр, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Ақтөбе өңіріне барған мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев су тасқыны кезінде Ханторы деген тұлпарынан айырылған үш жасар Бекарысқа жылқы мінгізді.

Тұлпардың аты- «Нұржебе». Өз кезегінде депутат Аманжол Әлтай бүлдіршінге батасын беріп, жыр шумақтарын арнады.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы Ойыл ауданына қарасты Екпетал ауылында бәйгеге шауып жүрген аттың суда тұрған видеосы тараған болатын.

Атының суда тұрғанын көрген балақай әкесіне аудиожазба жолдап, «Ханторыны құтқар» дейді. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тез тарап, көптің жүрегін ауыртқан болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!