«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Алматы әкімдігінің сол күйі ашылмаған дәретханалар үшін 64 миллион теңге артық төлегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сараптама қорытындысына сәйкес дәретхана модульдегі көптеген техникалық сипаттамасына сай болмай шыққан. 

«Алматы бойынша сот сараптамалары институтының тауартану сараптамасы дәл осындай дәретханалардың нарықтық құны 4 785 000 теңге екенін көрсетті. Ал әкімдік олардың әрқайсын 7 979 954 теңгеге сатып алғанын еске салайық. Барлығы 20 дәретхана сатып алғанын ескерсек, 63 899 080 теңге біреудің қалтасына кетті», – дейді Дидар Смағұлов. 

Оның сөзінше, бюджетке келген шығын бұдан да көп болуы мүмкін. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!