Көкшетауда пара алғаны үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан адамға әкімдік пәтер берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

“Облыста 23 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Бұл ретте әкімдіктер соңғы үш жылда 900-ге жуық пәтерді үлестірді. Тексеріс барысында заңсыз тұрғын үй берудің, сондай-ақ тұрғын үй беру негіздері тоқтатылғаннан кейін тұрғындарды шығармау бойынша 23 факті анықталды», – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, облыс орталығында бұрын пара алғаны үшін сотталған және жазасын өтеп жатқан бюджеттік ұйымның бұрынғы қызметкеріне пәтер берілген.

“Тұрғын үйді заңсыз жекешелендірудің екі фактісі анықталды. Мәселен, облыс орталықтарының бірінде азамат жекешелендіруден жарты жыл бұрын басқа аймақта орналасқан өзіне тиесілі пәтерін сатып жіберген. Қадағалау актісі бойынша жекешелендірілген пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!