Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанын хабарлайды.
Аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң, яғни а. ж. 12 наурызда қолданысқа енгізіледі.
Көрсетілген заң күшіне енген кезде аумақтық әділет органдарына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 695-бабына сәйкес ӘҚБтК-нің 491-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәліметтер бергені үшін қарау құзыреті беріледі.
Осыған байланысты, АХАТ тіркеуші органдары ӘҚБтК-нің 491-бабында көзделген фактілерді анықтаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықты қозғауға қызмет еткен жеке тұлға және мән-жай туралы мәліметтерді қамтитын хабарламаны жіберу арқылы сол күні аумақтық әділет органдарын хабардар етеді.
Некеге отыруға кедергi келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
А.Жақсылық
Қызылорда облысы әділет департаментінің бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!