Қазақстан ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен «First Global Challenge 2025» Дүниежүзілік Олимпиадасында қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. «First Global Challenge» – жыл сайын өтетін халықаралық робототехника жарысы. Мұнда жердің түкпір-түкпірінен жастар жиналады. Конкурстың ерекшелігі – жастар планета алдында тұрған үлкен қауіптердің алдын алу мақсатында жұмыстарын ұсынады. Сайыс дегенде біз командалар арасындағы қақтығысты елестетеміз. Алайда «First Global Challenge» жастар арасындағы ынтымастықты нығайтып, жердің болашағына өзгеріс әкелетін технологияларды ұсынады.
Биыл жарысқа әлемнің 190-нан астам елінен келген ең үздік жас инженерлер қатысты. Олимпиаданың басты тақырыбы тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналды. Команда Гран-челлендж және Альберт Эйнштейн Award сыйлықтарын иеленіп, эко-теңгерім тақырыбымен өткен жарыста экожүйелерді қалпына келтіруге бағытталған робототехникалық шешімімен сарапшыларды тәнті етті. Қатысушыларға берілген тапсырма тек робот құрастырумен шектелмеді. Олар жаһандық жылыну, су ресурстарын үнемдеу, баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану секілді өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
NIS PhM компаниясының бес энтузиастары робототехника арқылы тұрақты шешімдерді әзірлеу миссиясымен Қазақстанды бірінші жаһандық деңгейде таныстырады. USTEM Қоры мен Меккаколаның қолдауымен команда бүкіл Орталық Азияда STEM білімі мен қоршаған ортаны қорғау туралы хабардарлықты арттыруға ықпал етеді. Осы маусымда эко тепе-теңдіктен шабыттанған Рашит Досымжан, Мадияр Әсетұлы, Дәулет Ілияс, Әлихан Орынбасаров және Нұрасыл Тұрсынбаев технологияның табиғат пен өнеркәсіп арасындағы тепе-теңдікті қалай қалпына келтіретініне назар аударады. Олардың тәлімгерлері – Асылбек Мұрзахметов, Нұрдәулет Досмағамбет және Дулат Байтуленов.
Қазақстандық оқушылар өздерінің жасап шығарған робот арқылы тек жылдамдық пен ептілік жағынан ғана емес, инженерлік ойдың ұшқырлығымен және стратегиялық шешімдерімен де қазылар алқасын таңғалдырды. Жарыс ережесіне сәйкес, командалар альянстарға бірігіп, ортақ мақсатқа жету үшін күш біріктіруі тиіс. Біздің құрама өзге елдің өкілдерімен тіл табысып, нағыз көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді.
Нәтижесінде, отандастарымыз барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, ұпай жағынан рекорд орнатты. Бұл жеңіс – кездейсоқтық емес, елдегі STEM білімінің дамуы мен жастардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Панама төрінде қазақтың көк туы желбіреп, әнұранымыз шырқалған сәтте жанкүйерлердің қуанышында шек болмады.
Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан төртінші рет Әлем чемпионы атанып, робототехника саласының үздігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік келешек ұрпаққа үлкен шабыт сыйлап, еліміздің технологиялық болашағының жарқын екеніне сенім ұялатады.
Мерей ШӘКРАТ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!