Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Оған қалалық үшжақты комиссия, жұмысшы тобы құрамы, қала кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Жиында қала бойынша мекемелер мен кәсіпорындардан жұмыстан босаған жұмысшыларға әлеуметтік шараларды қарастыру, қала кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының жағдайы және «Еңбек жолы» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізу мәселері қаралды.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ж. Төлегенов қала мекемелерінен жұмыстан қысқартылған азаматтардың босағаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуы, оларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер жайлы баяндады.
Бұдан бөлек, қала кәсіпорындарындағы, оның ішінде «Су жүйесі» МКМ, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Дорстрой» ЖШС мекемелеріндегі еңбек қатынастарының жағдайы бойынша жұмыскерлер алдындағы қалыптасқан берешекті өтеу бағытында қабылданып жатқан шаралар пысықталды.
Жоғарыда аталған мәселе бойынша Бектас Балғабайұлы жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауы, жалақы берешектерін өтеу бойынша мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, комиссия төрағасы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанына тоқталып өтіп, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!