Үстіміздегі жылғы 29 қыркүйек күні «Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты  насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында   «Бала туғанда берілетін жәрдемақы жайлы кеңес» тақырыбында онлайн форматта тренинг өтті. Заңгердің қатысуымен өткізілген тренингке жас отбасылар, отбасын құруды жоспарлап жүрген жастар, бала күтіміндегі жас аналар қатысты.

Тренингте Қазақстандағы кез келген азамат өзінің жағдайына байланысты  мемлекет тағайындаған әр түрлі әлеуметтік төлем түрлерін алатындығы және оны алу жолдары мен жәрдемақы көлемі жайлы жан-жақты ақпарат талданды. Шараны Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қорының ұйымдастырды.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!