Виртуалды әлем жастар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілер, мессенджерлер және онлайн платформалар оларға қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу мүмкіндігін береді. Алайда, бұл виртуалды кеңістікте жастардың өз ойын білдіру, өз тілін жасау үшін пайдаланатын жаргон сөздері жиі қолданылады. Бұл мақалада біз сленг сөздің тіл тазалығына әсерін қарастырамыз және осы тәжірибенің ықтимал салдарын талқылаймыз.
Сленг дегеніміз не? Ол қалай қолданылады? Сленг – белгілі бір әлеуметтік топта немесе қауымдастықта қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір жиынтығы. Жастар сленгті бірегей тұлғасын жасау және өздері сияқты адамдармен байланысу үшін пайдаланады. Бұл бір қарағанда жәй ғана дүние немесе көңілді құбылыс болуы мүмкін және сіздің ойыңыз бен эмоцияыңызды стандартты емес түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Сленгтің тіл тазалығына әсері орасан зор. Яғни жастардың виртуалды әлемде сленгті қолдануы тіл тазалығына кері әсерін тигізіп келеді. Жаргон сөздер мен өрнектер көбінесе бейресми болып табылады және грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануды бұрмалауы мүмкін. Бұл тілдік дағдылардың төмендеуіне алып келеді. Шынайы әлемде қарым-қатынас жасауды қиындатады. Желілік өмір мен күнделікті қарым-қатынас арасындағы виртуалды әлемде сленгті қолдану интернет ресурсында қолданылатын тіл мен нақты әлемде қолданылатын тіл арасында сәйкессіздік ретінде өрнектеледі.
Сөздерді дұрыс қолданбау, ерекшелігін ұғынбау тіл тазалығын бұзады. Кейіннен сөздік қордың қысқаруына алып келетін тоқырау орнатуы мүмкін. Өйткені тілдік норманың бұзылуы мәдениеттің төмендеуіне алып келетін негізгі фактор. Виртуалды әлемде сленгті қолдану тіл нормалары мен мәдениетінің құлдырауына әкеледі дедік. Жаргон сөздерді үнемі қолданатын жастар дұрыс жазуды, тыныс белгілерін және грамматиканы ұмыта бастайды. Бұл олардың жалпы жазбаша және ауызша сөйлеуіне әсер етеді.
Виртуалды әлемде сленгті қолданудың тағы бір кесірі – жастардың сөздік қорының кеңдігін шектейді. Олар ресми және әртүрлі сөздерді қолдануда қателіктерге бой алдырады. Өз ойы мен идеяларын дәл және тура жеткізу қабілетіне әсер етеді. Жастардың әртүрлі жағдайларға бейімделу және кез келген адаммен қарым-қатынас жасау қабілетін де шектеп тастайды.
«Әлеуметтік желі» тілі жастарға өз ойын еркін жеткізуге және сленгті қолдануды қоса алғанда, бірегей тіл жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл тәжірибенің ықтимал теріс салдарына назар аудару керек. Жаргон сөздерді қолдану тіл тазалығына нұқсан келтіріп, тіл нормалары мен мәдениетін төмендетіп, жастардың сөздік қорының кеңдігін шектейді. Сондықтан тілдік сауаттылық пен өмірдің әртүрлі салаларында тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін сақтау үшін өзін-өзі таныту мен тіл ережелерін сақтау арасындағы тепе-теңдікті табу маңызды. Бұл мақала арқылы сленг сөздерді пайдалануды тоқтатуды емес, азайтуды ұсынамыз. Өйткені аз-аздан үздіксіз жасалған жұмыс – нанымды нәтижеге, көңіл толарлық тірлікке айналады.
Нұртілеу КҮМІСБЕКҰЛЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!