Әмре лақапатымен танымал әнші Ернар Садырбаев костюмын 1 миллион теңгеден аса ақшаға сатты. Өнер иесінің айтуынша, костюмы аукцион арқылы сатылған. «Костюмымды тікелей эфирде аукционда ойнатып жатырмыз. Сүйікті костюмымды сатып жатырмын», — деді ол әлеуметтік желіде. Алайда әнші түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалатынын жеткізді. «Сау бол сүйікті костюмым. 1 415 000 теңге жинап, костюм кетті. Түскен ақша Қадырбаев бастаған қайырымдылыққа, Нұрали ініміздің еміне жұмсалады», — дейді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!