Түркістан облысында полицейлер 150-ге жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстады.
Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов айтты.
Оның айтуынша, 150-ге жуық тұрғын полицияға арыз жазған.
«Түркістан облысы Полиция департаментіне банк қызметкерінен онлайн несие рәсімдеуге қатысты күмәнді жайт туралы хабарлама түсті. Полицейлер шұғыл іске кірісті. Жедел уәкілдер тексеру кезінде, жергілікті тұрғындар құрбан болуы мүмкін алаяқтық әрекеттер бар деген қорытындыға келді. Аталған жайтты бірден ҚР ҚК-нің 190-бабы (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық – ред.) бойынша Сайрам АПБ-нің СДТБТ-на тіркеді», – деді Құрманбек Сахов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!