Жастар үшін экономика факультетінде білім алудың артықшылығы – экономика, менеджмент, есеп, статистика, талдау және қаржы, заманауи IT –технологиялар бүгінде білім мен біліктіліктің жалпы жиынтығы. Өйткені аталған факультетте қоғамда, кәсіби қызметте жоғары сұранысқа ие мамандар даярланады. Айталық, факультетте бакалавриат, магистратура, докторантура кезеңін құрайтын үш деңгейлі білім беру жүйесі бар.

Білім берудің жаңа парадигмалары сөзсіз заманауи, инновациялық тәсілдер мен шындыққа негізделу керек. Қалыптасқан әлемдік тәжірибеге сүйенсек, қазіргі заманғы нарықтық экономика мамандардың әлеуметтік-экономикалық біліміне, кәсіби деңгейіне ерекше талаптар қоятынын көрсетеді. Сондықтан экономикалық терең білім, жаңаша ойлау, жоғары мәдениет қажет. Сондай-ақ қазіргі заманғы білікті тұлғаның кәсіпкерлік пен іскерлік, есептілік пен экономикалық, адалдық пен ар-ождан принциптеріне негізделген, бастамашылдығы мен жоғары еңбек тәртібі болуы тиіс. Осыған орай күрделі мәселені өз бетінше талдап, жауапты шешімдер қабылдауы және оларды экстремалды жағдайда жүзеге асыра білу маңызды.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда экономикалық білім беру – ұлттық экономиканың жандануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Айгерім Ерсін,

Қаз ҰУ-дің 4 курс студенті,

Жетекшісі Шынар Абдикул

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!