Фото: kaznpu.kz

Бүгінде ағылшын тілі – нағыз іскерліктің тілі. Бұл тіл көпшілік адамға өзінің жеке өмірін, ортасын өзгертуге мүмкіндік беріп жатқаны баршаңызға мәлім.

Қазір ағылшын тіл үйрететін курстардың жарнамасы көп. Көптігі соншалық шатасатынымыз белгілі. Бағасы арзан, уақыты жағынан тиімді деп, еш нәтиже шықпайтын курстарға алданып қалатынымыз тағы бар. Тіл үйрететін курстарға қатысқанда ең алдымен білім сапасына, қатысқан адамдардың ой пікіріне назар аударып, бағасы және оқыту деңгейлеріне көңіл бөлу қажет. Қолданып жүрген ұялы телефон арқылы онлайн платформалармен тіл үйренуге болады.

Алдарыңызға сол платформалардың бірнеше тізімін ұсынамыз.

«Duolingo» платформасы ойын арқылы ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік береді. «App Store», «Play market» қосымшаларынан таба аласыздар.

«FluentU» қосымшасы – ағылшын тілін видео контент арқылы үйренуге арналған платформа. Ерекшеліктері – видео сабақтар, интерактивті субтитрлар, сөздік қорды дамытуға арналған жаттығулар көп.

«EngVid» – ағылшын тілін үйретуге арналған youtube арнасы. Тәжірбиелі мұғалімдер видеосабақтар, әртүрлі деңгейлерге арналған тақырыптар бойынша оқытады.

Жоғарыда атап өткен онлайн платформалар бүгінде үздіктер қатарында.

Ал, онлайн немесе оффлайн курстар жайлы тоқталып өтсек.

Studylink – Қазақстандағы онлайн/оффлайн форматта ағылшын тілін үйренуге арналған курс. Тек ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, «IELTS», «TOEFL» секілді халықаралық емтихандарға дайындалуға мүмкіндік береді.

InterPress International House – Қазақстанда бірнеше филиалы бар ағылшын тілін үйрету орталығы. Халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламалары, білікті мұғалімдермен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие бола аласыздар.

Курстар мен платформалардан бөлек, қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту арқылы танымал болған мұғалімдер де бар.

Мағжан Советбек – әлемдегі үздік 20 ағылшын мұғалімінің қатарындағы ұстаз. Ол тиімді оқыту әдістерімен қатар интерактивті материалдар мен заманауи технологияларды пайдаланады. Жеке және топтық сабақтар өткізеді, сондай- ақ онлайн курстар мен вебинарлар ұсынады.

Гүлмира Серікқызы – еліміздегі ағылшын тілін үйрететін тәжірбиелі маман. Оқушылары оның кәсіби тәсілі мен түсінікті әдістемесін жоғары бағалайды.

Ағылшын тілін біліп қана қоймай, дамушы орта тауып, шет елде оқи аласыз. Бірақ тіл үйренудің де тиімсіз жағы бар екенін білесіз бе? Ағылшын тілін үйрену көп уақыт пен күш- жігерді қажет етеді. Жақсы нәтижеге жету үшін сабақ, оқулық, тілдік курс немесе репетиторлардың қызметі қажет болуы мүмкін. Бұл айтарлықтай шығынды талап етеді.

Ал екіншіден, жаңа тілді үйрену кейде стресc туғызуы мүмкін. Сөздік қорды кеңейту, грамматика ережелерін меңгеру және сөйлеу дағдыларын дамыту ұзақ уақыт алып, құлшыныстың төмендеуіне әкеледі.

Дегенмен, ағылшын тілін үйрену барысында қандай қиыншылықтар жолықса да, сол кедергілерден өтуді мақсат ету қажет. Тіл үйрену арқылы үлкен мүмкіндіктерге ие боласыз. Ағылшын тілін үйрену – жеке және кәсіби өсуге жасалған маңызды қадам.

Ақбота СЕЙТҚАСЫМОВА,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!