Фото: Архив BAQ.KZ
Air Astana әуекомпаниясы ұшақты Fly Arystan әуе кемесіне ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төленуге тиіс. Бұл туралыкөлік вице-министрі Талғат Ластаев «Air Astana» АҚ-мен жұмыс кеңесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көлік министрлігінің мәліметінше Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала ескертпестен Fly Arystan ұшақтарынаауыстыру жағдайы көбейген.
2023 жылдың өткен кезеңінде Air Astana әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелері Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстырылды, бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%-ын құрайды, – деп жазылған хабарламада.
Кеңес нәтижесінде Air Astana әуекомпаниясына бірқатар тапсырма берілді:
Air Astana әуе кемелерін «Fly Arystan» әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау;
әуе кемелерін ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;
әуе кемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Air Astana резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауы керек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!