АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
ӘБДІРАХМАН БӘЙТІКОВКЕ ІЛТИПАТ КӨРСЕТТІ
Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы барлық соғыс ардагеріне барып, Президент атынан құттықтап, құрмет көрсетті.
Мерекеде аймақ басшысы 98 жастағы соғыс ардагері Әбдірахман Бәйтіковке барып, майдангермен әңгімелесті.
- Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қорғаны болғандарыңыз үшін Сіздерге бас иеміз. Батыр әкелеріміз бен аналарымызға тиісті деңгейде құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз! Себебі Сіздер Отанымызға Жеңістің жалауын желбіретіп, бейбіт заманды келер ұрпаққа аманат еттіңіздер,-деді Н.Нәлібаев.
Облыс әкімі майдангерге құрмет бір күнмен шектелмейтінін еске салып, ардагердің иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.
Өз кезегінде ақсақал әрдайым бірлікті ту ету керектігін, әр азамат елдің тұтастығы мен тыныштығына қызмет етуі қажет деді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!