Мемлекет басшысының жолдауы елдегі біраз жұмысқа қан жүгіртеді деп ойлаймыз. Алған бағыт айқын. Жолдау жұрт болып жұмылуға, ұлт болып ұйысуға үндейді. Онда айтылған әрбір тапсырма, өзекті мәселе өз шешімін табады деп сенеміз.

“Әлеуметтік әмиян” жобасы, әкім сайлаулары, жаңа салық кодексі, әскердегі жауаптылық тағысын тағы сол секілді мәселелер бүгінде маңыздылығын жоймаған мәселе болып тұр. Күрмеуі шешілмеген күрделі мәселе – әскер тәртібі.
Бұған қатысты президент:

Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.
Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты» деді.

Маңызды мәселеге қатысты тиісті тапсырмалар жүктеліп, мақсатты жұмыс атқарылатынына тілекшіміз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!