фото: Арман Мухатов-архив

2025 жылдың тамыз айында Enbek.kz биржасында жалақы көлемі артты. Кейбір мамандықтар айына 1,2 млн теңгеге дейін еңбекақы ұсынды. Ең сұранысқа ие және ең жоғары жалақысы бар мамандықтар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жалақы күтілімі бойынша көш бастағандар:

• техникалық директорлар – орта есеппен 1,2 млн теңге,
 ұшқыштар – шамамен 1,2 млн теңге,
• коммерциялық директорлар – 1,1 млн теңге шамасында.

Ашық вакансиялардағы ең жоғары жалақы ұсыныстары:

• өндіріс саласындағы цех бастығына – 843,8 мың теңге,
• энергетикалық қызмет басшысының орынбасарына – 733 мың теңге,
 IT саласындағы бағдарламалар бойынша бас редакторға – 718 мың теңге.

Қай мамандарға сұраныс көп болды?

Тамыз айында жұмыс берушілер шамамен 240 мың бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл шілде айымен салыстырғанда екі есе көп. Ең көп сұранысқа ие болған мамандықтар:

• PR-менеджерлер – 16,3 мың бос орын,
 математика пәні мұғалімдері – 7,6 мың,
• тәрбиешілер – 6,1 мың.

Сарапшылардың пікірінше, сұраныстың күрт артуына маусымдық фактор әсер еткен. Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру саласында бос орындар саны айтарлықтай көбейген. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері, тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілеріне қажеттілік артқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!