16 мамырдан банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдауды бастайды. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсе, жеңілдетілген автонесие алуға электронды кезек іске қосылады. Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

• сыйақы мөлшерлемесі – 4%;

• несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден артық емес;

• қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес;

• бастапқы жарна – 0 %-дан бастап;

• көлік құралының құны – 15 млн теңгеден аспайды.

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады. «Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс. Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген», деді министрлік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!