Ертеде бір үлкен қалада Арман есімді бозбала өмір сүріпті. Ол өте зерек әрі спортқа құмар еді. Бір күні ол көшеде көңіл-күйі түсіп отырғанда, жанына бейтаныс бір адам жақындап келеді. Оның жүзі жылы көрінгенімен, көздері мұздай суық екен.

— «Неге мұңайып отырсың? Менде бір сиқырлы «кілт» бар. Ол сені барлық уайымнан құтқарып, ерекше әлемге апарады», — деп Арманға кішкентай, жылтыр затты ұсынады.

Арман қызығып, әлгі затты қабылдайды. Сол сәтте ол өзін керемет сезініп, айнала түске боялғандай көрінеді. Бірақ бұл — «Елес патшалығының» тұзағы еді. Көп ұзамай «сиқырдың» күші тарай бастағанда, Арманның жаны бұрынғыдан да қатты ауырады. Ол қайтадан сол «кілтті» іздейді.

Уақыт өте келе Арманның денсаулығы сыр беріп, достарынан айырылады. Оның айналасы қараңғылыққа торлана бастайды. Бір күні түсінде ол өзінің болашағын көреді: ол жерде ешқандай жарық та, күлкі де жоқ, тек темір тор мен жалғыздық қана бар екен.

Арман шошып оянып, бұл жолдың соңы — тұңғиық екенін түсінеді. Ол бойындағы соңғы ерік-жігерін жинап, әлгі «улы кілттен» бас тартады. Ол өз өмірінің нағыз сиқыры — денсаулық пен адал еңбекте екенін ұғынды.

Тұрсынбек Сезім,
Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектебінің
11 «»А» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!